Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Т. Әшімбаев атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Сонымен қатар, жастар арасында өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру, агрессия мен қақтығыстардың алдын алу, сондай-ақ әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану мәселелеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шара барысында жастарға интернет кеңістігіндегі жауапты мінез-құлық, кибербуллингтің алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру және бір-біріне құрметпен қараудың маңыздылығы туралы түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-shu-dalakainar/press/news/details/1154985?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді