Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің №26-НҚ 30.01.2026 жылғы бұйрығына сәйкес, «Маңғыстау облысы аумағында туберкулез ауруына қарсы жүргізілетін іс-шаралардың нәтижелілігін арттыру» тақырыбында онлайн семинар өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семинарға қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшылары, эпидемиолог мамандары қатысты. Іс-шараның мақсаты — туберкулездің алдын алу, эпидемияға қарсы ошақта жүргізілетін санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралардың сапалы жүргізілуін, сонымен қатар өзекті нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Семинарды Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гульнар Куркинбаева кіріспе сөзбен ашты. Бағдарлама аясында туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігі, ҚР ДСМ-нің қолданыстағы бұйрықтары мен санитариялық талаптары талқыланды.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің «Тәуекелдерді мониторингілеу, бағалау және талдау» бөлімінің басшысы, «Аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді бақылау» бөлімі басшысының м.а. Мадина Рахметова баяндама жасады. Қолданыстағы нормативтік құжаттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Семинар қорытындысында қатысушылармен талқылау ұйымдастырылып, сұрақ-жауап алмасу өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1154646?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді