Мойынқұм ауданында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған актив кеңесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мойынқұм ауданының әкімі Е. Карентаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіруге арналған актив кеңесі ұйымдастырылды. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық белсенділер және мекеме басшылары қатысты.

Актив кеңесінің негізгі мақсаты – жаңа Конституция жобасында көзделген басты өзгерістерді жан-жақты түсіндіру, оның қоғам мен мемлекет дамуына тигізетін маңызын ашып көрсету, сондай-ақ қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

Кеңес барысында аудан әкімі Е. Карентаев Конституция жобасының негізгі бағыттарына тоқталып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған нормалар, заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңінен баяндады. Сонымен қатар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, Конституция жобасына қатысты түсіндірмелер ұсынылды.

Іс-шара пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстары мен ой-пікірлерін ортаға салды. Жиын қорытындысында мұндай кездесулердің қоғамда құқықтық мәдениетті нығайтуға және конституциялық реформалардың мәнін кеңінен түсіндіруге ықпал ететіні атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1154849?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді