
Бүгін Елтай ауылдық округінің әкімі Әділбек Қазбекұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген 4 ауыл тұрғыны жер телімдерін заңдастыру, жұмыспен қамту бойынша сұрақтар көтерді.
Қабылдауда округ әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеді. Әрбір сұрақ бойынша тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар беріліп, орындалуын тұрақты бақылауға алуды тапсырды.
«Халықпен ашық диалог орнатып, әрбір тұрғынның мәселесіне бейжай қарамау біздің басты міндетіміз. Көтерілген барлық сұрақтар бақылауда болады және кезең-кезеңімен өз шешімін табады», – деді округ әкімі Әділбек Қазбекұлы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eltai/press/news/details/1154665?lang=kk

Жауап қалдыру