
Бүгін Тараз қаласы ТЖБ №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында қаладағы «Қазақ-түрік» лицейінің оқушыларына арналған танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар өрт сөндіруші-құтқарушылар қызмет атқаратын нысандармен, атап айтқанда асхана және жатын бөлмелерімен, сондай-ақ гаражда орналасқан өрт сөндіру-құтқару мақсаттындағы техникалар мен арнайы жарақтармен танысты.Сонымен қатар, құтқарушылардың өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары барысында бастан өткерген қызықты оқиғаларын тыңдады. Экскурсия одан әрі өрт сөндірушілер мұражайында жалғасын тапты. Оқушылар тарихи жәдігерге айналған ескі өрт сөндіру құрал-жабдықтарын тамашалап, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан батырлардың өмір жолына арналған деректі фильмді тамашалады. Сонымен бірге, құтқарушылар оқушыларға ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы туралы ақпарат берді. Тараз қаласы ТЖБ офицерлері өрт сөндіргішті тәжірибелік тұрғыда дұрыс қолдану тәсілдерін көрсетіп, өрт қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу тақырыбында жаднамалар таратты. Шара соңында оқушылар естелік суретке түсті.
Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1155024?lang=kk

Жауап қалдыру