Қазақстан мен Тәжікстан денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Душанбе, 2026 жылы 4 ақпан – Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі У.Төрехановтың Тәжікстан Республикасының Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрі Д Абдуллозодамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Қазақстан медицинасы күндерін Тәжікстан Республикасында өткізу перспективалары, екі елдің медициналық мекемелері арасындағы тәжірибе алмасуды дамыту, сондай-ақ медициналық мамандардың біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар денсаулық сақтау, заманауи медициналық технологияларды енгізу, кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының тиісті ведомстволары арасындағы 2026–2027 жылдарға арналған Ынтымақтастық жоспарына қол қойылғанын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Күн тәртібінің жеке тармағы ретінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Тәжікстан Республикасының Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісімді дайындау және оған қол қою мәселесі талқыланды. Аталған құжатқа қол қою серіктестікті одан әрі тереңдету және бірлескен жобаларды іске асыру үшін берік нормативтік-құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған.

Тараптар екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүдделілік білдіріп, екі мемлекеттің денсаулық сақтау жүйелерін дамыту мүддесінде белсенді әрі сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-dushanbe/press/news/details/1154903?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді