Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындаған «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасында «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» жаңа Заң қабылданды.
Аталған Заң қауіпсіз және тұрақты қоғамдық ортаны қалыптастыруға, құқық бұзушылық пен құқыққа қарсы мінез-құлықтың алдын алуға, сондай-ақ елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған.
Заңның негізгі мақсаты – құқық бұзушылық салдарымен күресу емес, олардың алдын алу болып табылады.
Заңның негізгі міндеттері:
-қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;
-құқық бұзушылық деңгейін төмендету;
-азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
-қоғамда заңға бағынатын мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру;
-мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және қоғамның өзара іс-қимылын күшейту.
Заң құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі негізделетін бірқатар базалық қағидаттарды бекітеді:
-заңның үстемдігі және заң алдында баршаның теңдігі;
-жазалаушы шараларға қарағанда профилактикалық шаралардың басымдығы;
-адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
-кешенді және жүйелі тәсіл;
-профилактикалық жұмыстың нәтижелері үшін мемлекеттік органдардың жауапкершілігі;
-азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының қатысуы.
-жаңа Заң әрбір азамат құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі өз рөлін түсінетін, жауапты әрі заңға бағынатын қоғамды қалыптастыруға бағытталған. Құқық бұзушылықтың алдын алу мемлекет пен қоғамның ортақ міндетіне айналып, елдің әрбір тұрғынының мүдделерін қорғауға бағытталады.
Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңын орындау мақсатында Екібастұз қаласы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді.
Екібастұз қаласының әкімі аталған комиссияның төрағасы болып табылады. Комиссия құрамына Екібастұз қаласы прокуратурасының, Екібастұз қалалық мәслихатының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің, полиция басқармасының, «AMANAT» партиясы филиалының өкілдері кіреді.
Комиссияның мақсаты – құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша атқарушы, құқық қорғау және қаланың өзге де мүдделі мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру.
Құқық бұзушылық профилактикасы мәселелерін қарау кезінде комиссия жұмысына мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар міндетті түрде тартылады.
Комиссия отырыстарының қорытындылары бойынша құқық бұзушылық профилактикасы субъектілеріне олардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімдігі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-politika/press/news/details/1154996?lang=kk

Жауап қалдыру