
Тұран ауданында 21 шағынаудан, 548 көппәтерлі тұрғын үй және 39 357 жеке сектордағы үй бар. Халық саны – 232 700. Аудан аумағында 1 229 көше, 27 саябақ пен гүлзар, 293 әлеуметтік нысан орналасқан.
Ауданның инфрақұрылым көрсеткіштері:
•Ауыз су – 100%
•Электр – 100%
•Табиғи газ – 85,7% (2027 жылы – 100%)
•Кәріз жүйесі – 60,8%
Абаттандыру жұмыстары: 5 мекенжайға гүлзар салынып, 35 көшеге 17 км ирригациялық жүйе орнатылды. Балалар мен спорт алаңдары бойынша 32 нысан пайдалануға берілді.
548 көппәтерлі тұрғын үйдің 503-і орталық жылыту жүйесіне қосылған, 45 үй автономды жылытуда. 49 үйдің сыртқы қасбеті жарықтандырылды. 6 көппәтерлі үйде жөндеу жұмыстары жүргізілді.
70-тен астам сенбілік өткізіліп, 117 123 тұрғын қатысқан. 8 000 ағаш отырғызылды, 3 000 түп тал егілді, 146 240 м² су айдындары тазартылды. Аудан аумағында 3 610 қоқыс жәшігі орналастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turan/press/news/details/1154285?lang=kk

Жауап қалдыру