
2026 жылғы 30 қаңтарда Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында вирустық гепатиттер және АИТВ инфекциясының алдын алу, сондай-ақ санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Кеңеске Маңғыстау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Г.Шорбасова, Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы С.Айтжанова, №2 Ақтау қалалық емханасының эпидемиологы, мейірбекелері және «Сенім» ЖШС медициналық орталығының мейірбекесі, №16 және №30 жалпы білім беру мектептерінің мейірбекелері қатысты.
Өткізілген кеңесте аталған инфекциялар бойынша эпидемиологиялық ахуалды, ауру ошақтарында атқарылып жаткан жұмыстарды күшейту және халық арасында ақпараттық-түсіндіру шараларын жандандыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1154775?lang=kk

Жауап қалдыру