
Шучинск қаласында өткен 2–7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық конкурсында Екібастұз өңірінің оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
С. Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінің 7-сынып оқушысы Ахмет Жүсіп «Медицина, психология, экология» секциясы бойынша III орын иеленді. Жетекшісі — география пәнінің мұғалімі Сапарғалиев Жанкелді Шаймуратович.
№25 қазақ қыздар гимназиясының 7-сынып оқушысы Саттар Инабат «Туризм және спорт» секциясында I орынға ие болды. Жетекшісі — география пәнінің мұғалімі Жангурова Айнұр Бүркітбайқызы.
№23 жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы Бостандық Адахан «Информатика, робототехника, STEM-инженерия» секциясы бойынша III орын иеленді. Жетекшісі — Омарбаева Айкүміс Боранбаевна.
Бұл жетістіктер — оқушылар мен ұстаздардың шабытты шығармашылығы мен нәтижеге бағытталған бірлескен еңбегінің айқын дәлелі.
Құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-goo/press/news/details/1155018?lang=kk

Жауап қалдыру