
Тренинг барысында Конституция жобасында көзделген негізгі өзгерістер жан-жақты түсіндіріліп, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң үстемдігі қағидаты, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге арналған нормаларға кеңінен тоқталынды. Мамандар құқықтық тақырыптарды нақты өмірлік мысалдар арқылы жеткізіп, күнделікті тұрмыста Конституция нормаларын қолданудың жолдарын көрсетті.
Іс-шара интерактивті форматта өтіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және елдегі конституциялық реформалардың мәнін түсінуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1154827?lang=kk

Жауап қалдыру