
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің 2025 жылғы жұмыс қорытындысы
Өңірде еңбек жағдайлары тұрақты, ресми еңбек даулары тіркелмеген.
2025 жылы 1 630 арыз-шағым түсіп, оның 1 255-і қаралды, 255 жағдайда жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, 375 өтініш өзге мемлекеттік органдарға жолданды.
Жүргізілген тексерулер нәтижесінде 246 заң бұзушылық анықталып, оның 201-і еңбек қатынастарына, 39-ы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға, 6-ы жұмыспен қамту саласына қатысты болды.
Сондай-ақ 2025 жылдың І жартыжылдығында профилактикалық бақылауға 17 кәсіпорын енгізіліп, 9 өндірістік нысанда тексеру жүргізіліп, 68 заң бұзушылық анықталды.
ІІ жартыжылдықта профилактикалық бақылауға 4 кәсіпорын енгізіліп, 3 нысанда тексеру жүргізіліп, 16 заң бұзушылық анықталды.
2025 жылы анықталған заң бұзушылықтар бойынша 112 міндетті нұсқама беріліп, 5 ескерту және 43 әкімшілік қаулы шығарылды. 12,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
2025 жылы 40 жазатайым оқиға тіркеліп, 46 адам зардап шекті, 7 адам қаза тапты. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда оқиғалар санының 21,5%-ға төмендегенін көрсетеді.
Негізгі себептер: еңбекті дұрыс ұйымдастырмау, қауіпсіздік талаптарын бұзу, жол-көлік оқиғалары және оқытудағы кемшіліктер.
Жарақаттануды азайту мақсатында «Vision Zero» – 31 кәсіпорын және «Халықтық бақылау» – 15 кәсіпорын енгізді, сондай-ақ 941 өндірістік кеңес пен 1333 техникалық инспектор жұмыс істейді.
Жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру деңгейі 82,3%-ды құрады.
2025 жылы өңірдегі 170 416 жұмыскердің 91%-ының еңбек шарты бірыңғай еңбек шарттарын есепке алу жүйесіне енгізілді.
Жалпы, 2025 жылы департамент еңбек заңнамасын сақтау және профилактикалық бақылауды күшейту бойынша жүйелі жұмыс атқарды, құқық бұзушылықтарды анықтап, тиісті шараларды қолданды және жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1154723?lang=kk

Жауап қалдыру