ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
Ағымдағы жылдың 4 ақпан күні Тасқала аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жаңартылған Ата Заң жобасын түсіндіруге арналған актив отырысы өтті. Активке аудан әкімі Т.Шакиров, аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева және Тасқала ауданының мекеме басшылары қатысты.
Тасқала аудандық мәслихат төрағасы Ж.Бисенғалиева қатысушар алдында Қазақстан Республикасының жаңа Ата заңының жобасы жөнінде баяндама ұсынды. Ата заң- еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің берік негізі, қоғам дамуының басты құқықтық тірегі екенін атап өтті. Жаңа Конституция – бұл тек Ата Заңға енгізілетін өзгерістер емес, ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды стратегиялық қадам.Құжатта тарихи сабақтастық, мемлекеттің тұтастығы, заң үстемдігі, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдық келісім және келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік секілді негізгі құндылықтар бекітілген. Сонымен қатар, қоғамдық-саяси институттардың рөлін арттыруға және басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды нормалар қамтылған.
Мемлекет басшысы атап өткендей, жаңа Конституцияға қатысты түпкілікті шешім республикалық референдумда қабылданады. Аудан тұрғындарын ел болашағы үшін маңызды бұл мәселеге бейжай қарамай, белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/taskala-maslihat/press/news/details/1154760?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді