
Көкбастау елдімекеніндегі ауылдық клубта тұрғындарға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған конституциялық реформа елдің саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңі екені айтылды.
Жиын барысында қатысушыларға Конституциялық комиссияның жұмысы, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелері түсіндірілді.
Жаңа редакциядағы Ата заң елімізде адам капиталын, білімді, ғылымды және инновацияны мемлекеттік қызметтің басты стратегиялық бағыты ретінде айқындайды.
Жаңа Конституция жобасы қоғам сұранысын ескере отырып әзірленіп жатқанын және алдағы жалпыхалықтық референдум әрбір азаматқа шешім қабылдауға саналы түрде қатысуға мүмкіндік береді.
Ақпараттық медиа орталығы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1154895?lang=kk

Жауап қалдыру