
2025 жылғы 20 қарашада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі басшысының м.а Ж.Б. Самуратова облыстық «Алтай» телеарнасында «Жаңа Қазақстан» бағдарламасында тікелей эфирге қатысты.
Тікелей эфир барысында жасына байланысты зейнетақы тағайындау және қайта есептеу туралы, мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау, еңбек жағдайлары зиянды жұмыста істейтін елу бес жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде сексен төрт ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген кезде төленетін арнаулы әлеуметтік төлемді тағайындау, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мен жәрдемақылардың арттырылуы туралы азаматтардың сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес толық түсіндірмелер берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-vko/press/news/details/1154308?lang=kk

Жауап қалдыру