Жер сілкінісіне дайындық — қауіпсіздіктің кепілі!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл ережелері туралы хабардарлығын арттыру мақсатында Алтай ауданының ТЖБ қызметкерлері Алтай қаласының сауда орындарында, медициналық мекемелерінде және ұйымдарында ақпараттық жадынамаларды тарату бойынша профилактикалық акция өткізді.
Акция барысында азаматтарға жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керектігі, тұрмыста нені ескеру қажет екені және төтенше жағдай туындаған кезде өздерін және жақындарын қалай қорғау керектігі түсіндірілді. Қатысушылар қысқаша әрі көрнекі ұсыныстар қамтылған жадынамалар алды.
Мұндай іс-шаралар қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайлар кезінде қауіп-қатерді азайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1154344?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді