«Жыл мұғалімі – 2026»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 3 ақпан күні №1 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында «Жыл мұғалімі – 2026» облыстық конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.
Аталған байқау педагогтердің кәсіби әлеуетін айқындап, шығармашылық ізденісін қолдауға, заманауи білім беру үрдісіндегі жаңашыл бастамаларды насихаттауға бағытталды.
Сайыс қорытындысы бойынша:
Бас жүлде- №2 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Шестопалова А.В. иеленді;
І орын- Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Ахметова Г.Е. берілді;
ІІ орын – М.Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Мұхаметкалин С.К. жеңіп алды;
ІІІ орын – Т.П. Праслов атындағы Прииртышск жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Камзаева А.С.мен Лесной жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Дюсенова Г.А. иеленді.
Сонымен қатар, байқау аясында келесі номинациялар табысталды:
«Педагог-новатор» номинациясы — М.Дулатұлы атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Яхшиликов Н.Б.;
«Шығармашыл педагог» номинациясы — Железин №1 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Ибрагимова Н.А.;
«Шеберлік шыңына» номинациясы — Еңбекші негізгі жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Булекбаева М.А.
Аталған байқау педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, үздік тәжірибелерді таратуға, білім беру сапасын арттыруға зор ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhelezin-bilim/press/news/details/1154746?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді