Үстіміздегі жылдың 4 ақпан күні Департаменттің “Арнайы тергеп-тексеру комиссиясын құру туралы” бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің “Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу” туралы 20-тарауы бойынша арнайы комиссия құрылып, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадулаұлы Мақтарал ауданына қарасты «Хлопкопром-Юг» ЖШС-де орын алған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді.
Тексеру барысында жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарының маңыздылығы, және еңбек қатынастарындағы орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадулаұлы Серіктестік ұжымымен кездесу ұйымдастырып, ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына қатысты іс-шаралардың орындалуы бойынша еңбек заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарының маңыздылығына кеңінен тоқталып, түсіндірме беріп өтті.
Жауап қалдыру