🔰Абай облысында полицейлер терроризм мен экстремизмге қарсы қауіпсіздік сабағын өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі таңда діни экстремизм мен терроризм әлемнің әр түкпірінде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл қауіпті идеологиялардың жастар арасында таралуы, олардың ой-санасын бұзып, қоғамға қатер төндіруі мүмкін. Осыған орай, қоғамның барлық мүшелері, оның ішінде ұстаздар мен білім беру мекемелері осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп, жастарды дұрыс тәрбие беруге атсалысуы тиіс.

👮‍♂️Абай облысының полицейлері, әсіресе, жастардың арасында діни экстремизмнің алдын алу және жалған терроризм мәселелеріне ерекше көңіл бөлуде. Осы мақсатта “125highschool” білім беру мектебінде өткізілген «Діни экстремизмнің алдын-алу және жалған терроризм жағдайындағы эвакуация тәртібі» атты қауіпсіздік сабағы өткізілді. Бұл шара оқушыларға тек діни экстремизмнің қоғамға төндіретін қатері туралы ғана емес, төтенше жағдайларда эвакуация тәртібін дұрыс орындау туралы да маңызды ақпарат берді.

Бұл сабақтың негізгі мақсаты — жас ұрпақты діни радикализмнің теріс әсерінен сақтап қалу. Діни экстремизм мен терроризм тек мемлекетке ғана емес, бүкіл қоғамға қауіп төндіретін құбылыстар. Сондықтан, олармен күресу мәселесі тек құқық қорғаушылардың ғана емес, әр азаматтың, әсіресе, жастармен жұмыс істейтін ұстаздар қауымының ортақ міндеті болуы тиіс. Бұл тек құқық қорғау органдарының ісі емес, қоғамның барлық мүшелерінің, оның ішінде білім беру жүйесінің маңызды рөлі екенін түсіндіру өте маңызды.

Абай облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Айдарова Алия бұл тақырыптың қоғамдағы маңыздылығына тоқталды:

«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тек құқық қорғаушылардың міндеті ғана емес, ол бүкіл қоғамның, әсіресе жастармен жұмыс істейтін ұстаздар қауымының да ортақ жауапкершілігі. Біздің басты мақсатымыз — жастардың діни радикализмге бой алдырмауын қамтамасыз ету, оларды еліміздің мәдениеті мен дәстүріне негізделген рухани құндылықтарға тәрбиелеу. Білім беру мекемелерінде өткізілетін осындай сабақтар жастардың санасында дұрыс көзқарас қалыптастыруға көмектеседі. Бұл жұмыс әрдайым жалғасып, күшейтілуі керек. Себебі болашақтың тірегі — білімді әрі саналы жастар.»

Бұл пікірлердің маңыздылығы үлкен, себебі әрбір азаматтың, әсіресе жастардың діни экстремизм мен терроризмнің қасіретіне қарсы тұруға дайындығы қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығы үшін шешуші фактор болып табылады. Осындай білім беру іс-шаралары, жастардың қауіпсіздігі мен дамуына деген қамқорлықты арттырып, теріс ықпалдардың алдын алу үшін өте маңызды рөл атқарады. Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз қоғамды тұрақты, қауіпсіз әрі бірлікке негізделген ортаға айналдыра аламыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1155606?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді