2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХХІ республикалық «Зерде» конкурсының жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қорытынды кезеңі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       Ақмола облысы, Щучинск қаласында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2026 жылғы 28 — 31 қаңтар күндері  2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық  жұмыстарының ХХІ республикалық «Зерде» конкурсының жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша қорытынды кезеңі  өтті.

       Конкурстың негізгі мақсаты — балаллардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интелектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.

       Қорытынды кезеңге Қазақстанның барлық өңірлерінен  530-ден астам  жас ізденушілер білім додасында бақтарын сынады, оның ішінде Павлодар облысынан 14 жобамен 20 оқушы қатысты. Конкурс 6 секция бойынша өткізілді: информатика, робототехника, STEM инженерия; математика, қолданбалы математика; физика, космос;  туризм  және спорт;  химия, биология; медицина, психология, экология.

      Конкурстың медицина, психология экология бағытының қорытындысы бойынша Павлодар ауданының Мичурин жалпы орта білім беру мектебінің       4- сынып оқушысы Ибраев Али ІІ орынға ие болды.

      Жеңімпазды құттықтаймыз!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-audan-bilim/press/news/details/1155427?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді