2026 жылғы 01-03 сәуір аралығында Астана қаласында EXPO халықаралық көрме орталығында негізгі салалық көрмелер, форумдар мен конференцияларды біріктіретін «KAZAKHSTAN MACHINERY FAIR» машина жасау және металл өңдеу бойынша VII Халықаралық көрме өтетінін хабарлаймыз.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алдағы іс-шараның негізгі міндеттері өндірістік кәсіпорындардың технологиялық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өңірлік және халықаралық әріптестермен өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту, өндіріске инвестициялар тарту, сондай-ақ экспорттық әлеуетті дамыту болып айқындалды.
Көрмеде Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шет елдердің өнеркәсібі саласындағы технологиялық жетістіктер – машина жасау және металл өңдеу, Өңдеу өнеркәсібі және су индустриясы саласындағы жаңа жабдықтар мен өнімдер ұсынылады. Іс-шараға әлемнің 20 елінен 300-ден астам қазақстандық және шетелдік компаниялар қатысады деп жоспарлануда.
Қызығушылық танытқан жағдайда, сондай-ақ толығырақ ақпарат алу үшін Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасына Павлодар қ., Астана к-сі, 61, каб мекенжайы бойынша жүгіну қажет. 108 немесе тел.8(7182) 32-33-75.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-upt/press/news/details/1155487?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді