2026 ЖЫЛЫ ХРОМТАУ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНДЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

26 қаңтар күні Хромтау ауданы әкімдігінің ресми Instagram парақшасында тікелей эфир форматында «Энергосистема» ЖШС-нің Хромтау электр желілері учаскесінің брифингі өтті.

Брифинг барысында ауданның электр желілері шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму бағыттары туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, Хромтау электр желілері учаскесінің теңгерімінде әртүрлі кернеу класындағы әуе және кабель желілері, қосалқы станциялар мен трансформаторлық пункттер бар екені айтылды. Аталған нысандар аудан тұрғындары мен әлеуметтік нысандарды үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

Спикер 2025 жылы атқарылған күрделі жөндеу жұмыстарын атап өтті. Атап айтқанда, Аққұдық, Қызылсу және Бөгетсай ауылдарындағы әуе электр желілерінде тіректер мен сымдар ауыстырылды; Хромтау қаласы, Табантал және Қызылсу ауылдарындағы бірқатар комплекті трансформаторлық қосалқы станцияларға күрделі жөндеу жүргізілді.

Сонымен қатар, 2026 жылға бекітілген жоспар таныстырылды. Жоспарға сәйкес Ақжар мен Қызылсу елді мекендерінде, Хромтау қаласында және Қарлау кентінде әуе электр желілеріне күрделі жөндеу жүргізіліп, тіректер мен сымдар ауыстырылатын болады.

Бұдан бөлек, 2025 жылы Хромтау қаласындағы «Аурухана» 0,4 кВ әуе желісінде бірқатар көшелер бойындағы жарықшақтары бар тіректер ауыстырылды. Алдағы кезеңде Бөгетсай кентінде, сондай-ақ Хромтау қаласындағы «Миллионный» және «Маслозавод» 6 кВ әуе желілерінде осындай жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр.

Брифинг қорытындысында атқарылып жатқан және жоспарланған барлық жұмыстар электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға бағытталғаны атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1155098?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді