Алматыда кадеттер арасында дзюдодан қала чемпионаты өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылы 7-8 ақпанда Алматыда 2011-2012 жылы туған кіші кадет ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан қала чемпионаты өтеді. Бұл туралы Алматы қаласының Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.

Жарыс Зерделі шағынауданындағы 1/122 мекенжайында орналасқан «Зерделі» денешынықтыру-сауықтыру кешенінде өтеді. Күрес 8 ақпан күні сағат 09:00-де басталады.

Чемпионаттың негізгі мақсаты — дзюдоны кеңінен насихаттау, балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, жас спортшылардың шеберлік деңгейін арттыру, сондай-ақ Алматы қаласының құрама командасына үміткерлерді іріктеу.

Турнирге қаланың спорт мектептері мен секцияларының тәрбиеленушілері қатысып, салмақ дәрежесі бойынша жүлделі орындар үшін бақ сынайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1155921?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді