«Би тарихындағы танымал тұлғалар» презентациясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мәдениет үйінде «Би тарихындағы танымал тұлғалар» тақырыбында презентация өтті. Іс-шара барысында әлемдік және қазақ би өнерінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлғалар туралы мағлұмат берілді.

Шарада классикалық, халықтық және заманауи би бағыттарының қалыптасуына ықпал еткен бишілер мен хореографтардың шығармашылық жолы таныстырылды.

Презентация барысында әр тұлғаның би өнеріндегі ерекшелігі, сахналық мәдениеті мен би тілін дамытудағы еңбегі жайлы бейнеролик көрсетілді.

Сонымен қатар би өнерінің рухани-эстетикалық маңызы, оның адам тәрбиесіндегі орны жөнінде айтылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1155165?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді