
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Меңдіханов Форт-Шевченко мектеп лицейінде округтік және учаскелік сайлау комиссияларының қатысуымен «Сайлау процесіндегі мәселелер» тақырыбында кейістік талдау сабағы өтті. Іс-шара барысында сайлау кезінде туындауы мүмкін өзекті мәселелер қарастырылып, нақты жағдайлар мысалында оларды шешу жолдары талданды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, заңнама талаптарын қолдану, дауыс беру рәсімдерінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету бойынша пікір алмасты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-tupkaragan/press/news/details/1155930?lang=kk

Жауап қалдыру