Көкшетауда пробация қызметінің есептегі тұлғалары жарыстарға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысының прокуратурасы пробация қызметімен бірлесіп, пробациялық бақылауда тұрған тұлғалардың қатысуымен қысқы балық аулау және шаңғы жарыстары бойынша спорттық жарыстар өткізді.

Іс-шараның мақсаты — сотталғандарды ресоциализациялау, құқыққа сай мінез-құлықты тұрақты қалыптастыру, әлеуметтік дағдыларды дамыту және пайдалы бос уақытты ұйымдастыру.

Спорттық сайыстар жағымды әрі достық атмосферада өтіп, қатысушылар арасында сенімді нығайтуға, әлеуметтік бейімделуге және қайталама құқық бұзушылықтар қаупін төмендетуге ықпал етті.

Осындай іс-шараларды өткізу прокуратура органдары мен пробация қызметінің тек бақылауға ғана емес, сонымен қатар заңға бағынатын өмір салтына қайта оралып жатқан тұлғаларды қолдауға бағытталған ұстанымын көрсетеді.

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1155803?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді