
2025 жылы Ұлытау облысында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік инспекторлармен мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында 67 мекемеге қатысты тексеріс жүргізілді. Оның ішінде 20-жоспарлы, 20-жоспардан тыс, 27-прокуратура органдарының қаулысы негізінде.
Тексеріс нәтижесі бойынша:
– 28 мекемеге қатысты анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылды;
– 11 мекемеде бұзушылықтар анықталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83 бабы 1 тармағы 1 тармақшасы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылып айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы сомасы – 3 184 920 теңге;
-27 мекемеге қатысты анықталған кемшіліктер бойынша қорытынды Прокуратура органдарына жолданды.
Бұл шаралар қоғамдағы әрбір азамат, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.
#ҚолжетімдіОрта #МүмкіндігіШектеуліЖандар #ИнклюзивтіҚоғам #ӘлеуметтікҚорғау #АдамҚұқығы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1155625?lang=kk

Жауап қалдыру