Өрт қауіпсіздігі дәрісі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері №64 мекемеде өрт қауіпсіздігі талаптары мен нұсқауларын сақтау мәселелері бойынша алдын алушылық лекция өткізді. Іс-шараға Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысты.

Лекция барысында өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары, төтенше жағдайлар туындаған кезде персоналдың әрекеттер тәртібі, сондай-ақ өрттің алдын алу шаралары егжей-тегжейлі түсіндірілді. Әсіресе өрт сөндіру құралдарын, оның ішінде өрт сөндіргіштерді пайдаланудың практикалық дағдыларына ерекше назар аударылды.

Сабаққа мекеме қызметкерлері және шаруашылық құрамында жұмыс істейтін сотталғандар қатысты. Мұндай алдын алушылық іс-шаралар өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға, белгіленген нормаларды сақтауға жауапкершілікті қалыптастыруға және төтенше жағдайлардың туу қаупін азайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1155208?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді