Қоғамға қызметін жалғастырып жатқан тәжірибе: Жетісу облысында полицейлер мен мектеп менторлары күш біріктіруде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысында полиция қызметкерлері мектеп менторларымен белсенді түрде өзара іс-қимыл жасап, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше көңіл бөлуде. Мұндай ынтымақтастық жасөспірімдер бойында заңға, қоғамға деген құрметті және дұрыс өмірлік бағыттарды қалыптастыруға ықпал етеді.

Менторлар — өмірлік және кәсіби тәжірибесі мол, оқушылардың дамуына көмектесіп, қолдау көрсететін, білімдерімен бөлісіп, күрделі сұрақтарға жауап табуға жәрдемдесетін жандар. Олар жасөспірімдер үшін тәлімгер, жігерлендіруші әрі кеңесші бола отырып, өз күшіне сенуге және дұрыс өмір жолын таңдауға көмектеседі.

Бұл жұмыста құрметті демалысқа шыққан полиция қызметкерлерінің рөлі ерекше. Отставкадағы полиция полковниктері жастарға көмектесуді жалғастырып, өз тәжірибелерін бөлісіп, тәртіпке құрметті қалыптастырып, оқушылардың қоғамға бейімделуіне ықпал етуде.

Белгілі педагог Василий Сухомлинский айтқандай: «Тәрбие — бұл ең алдымен адамтану». Бүгінде полиция қызметкерлері мен тәлімгерлер бірлесе отырып, ел болашағына деген қамқорлық әрбір баланың арманына, күмәні мен үмітіне назар аударудан басталатынын дәлелдеуде.

#законипорядок #заңментәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1155647?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді