Қосшы қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық іс-шара өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қосшы қаласының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының аясында және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қосшы қаласының №4 орта білім беру мектебінде мектеп оқушыларымен «Қауіпсіз Қазақстан» атты іс-шарасын өткізді.

Іс шара барысында мектеп оқушыларының қатысуымен алдын алу дайындалған тәрбиелік мағынасы бар ән және қойылымдар ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларына құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды жат әдеттер мен теріс әрекеттерден алшақтату, жақсы мен жаманды ажырата білуге бағыттау, заңды құрметтеуге тәрбиелеу және жауапкершілігі жоғары азаматтар қалыптастыруға ықпал ету.

Іс-шараның барысында мектеп оқушыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізуге белсене қатысқан тұлғаларға прокурор мақтау қағаздарын табыстады.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1155324?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді