Шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты шығып қалғандардың орнына № 168, № 169, № 172, № 184, № 188, № 192, № 194 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарлайды.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 6 ақпанынан 16 ақпанға дейін мәслихатқа мынадай құжат тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер (қосымша 1);
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері (қосымша 2).
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 6 ақпанынан 16 ақпанға дейін, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүргізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты
Лариса Викторовна Топорова – Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы, Дружба көшесі, 19.
Жауапты тұлға – Гүлбаршын Қамзақызы Жаңбыршина, аппарат басшысы, қызметтік телефон нөмірі (871544) 2-19-00, 8-777-553-71-20, электрондық пошта мекенжайы maslihatgamb@mail.ru
Жамбыл ауданының мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін бос орындарға сайлайды:
|
№
|
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос жұмыс орындарының саны |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1 |
168 |
Жалпы білім беру мектебінің ғимараты, Новорыбинка ауылы, Береговая көшесі, 27 |
1 |
|
2 |
169 |
Бастауыш мектептің ғимараты, Миролюбово ауылы, Школьная көшесі, 45 |
1 |
|
3 |
172 |
Бастауыш мектептің ғимараты, Ұзынкөл ауылы, Мира көшісі, 27 |
1 |
|
4 |
184 |
Жалпы білім беру мектебі-балабақша ғимараты, Благовещенка ауылы, Мира көшесі, 7 |
1 |
|
5 |
188 |
Жалпы білім беру мектебінің ғимараты, Святодуховка ауылы, Мектеп көшесі, 4 |
1 |
|
6 |
192 |
Жалпы білім беру мектебінің ғимараты, Украинское ауылы, Конституция көшесі, 8 «А» |
2 |
|
7 |
193 |
Жалпы білім беру мектебінің ғимараты, Озерное ауылы, Конституция көшесі, 4 |
1 |
|
8 |
194 |
Негізгі орта мектебінің ғимараты, Бауман ауылы, Школьный көшесі, 14 |
1 |
| 1 қосымша | |||||||||||||||||
| Мәслихат | |||||||||||||||||
| (әкімшілік аумақтық бірліктің атауы) | |||||||||||||||||
| Саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің ұсынысы | |||||||||||||||||
| (Саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшесінің жарғылық атауы және орналасқан жері) | |||||||||||||||||
| сайлау комиссияларының құрамына кандидатураларды ұсыну бойынша | |||||||||||||||||
| (әкімшілік аумақтық бірліктің атауы) | |||||||||||||||||
| № р\р | Округтің нөмірі | Тегі | аты | Әкесінің аты | ЖСН | Туған күні (күні,айы,жылы) | Жынысы | Ұлты* | Білімі (жоғары,арнайы-орта, орта) | мамандығы | Жұмыс орны | Лауазымы, қызмет телефоны | үй мекен жайы, пәтер, телефоны | Қандай партиядан, қоғамдық бірлестіктен немесе жоғарғы тұрған сайлау комиссиясынан ұсынылған | сайлау комиссияларындағы жұмыс тәжірбиелері, жылдар | ||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | ||
| Учаскелік сайлау комиссиялары | |||||||||||||||||
| 1 | №168 | ||||||||||||||||
| 2 | №169 | ||||||||||||||||
| 3 | №172 | ||||||||||||||||
| 4 | №184 | ||||||||||||||||
| 5 | №188 | ||||||||||||||||
| 6 | №192 | ||||||||||||||||
| 7 | №193 | ||||||||||||||||
| 8 | №194 | ||||||||||||||||
| Саяси партия, өзге де қоғамдық бірлестіктің немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясының басшысы | |||||||||||||||||
| МО | (жеке қолы) | аты мен тегі, әкесінің аты | |||||||||||||||
| Ескертпе: | |||||||||||||||||
| Қазақстан Республикасы Конституциясының 19 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының әр азаматы өзінің қай ұлтқа,қай партияға жататындығын қалауы бойынша көрсетуге құқылы. (9 және 16 графалар) | |||||||||||||||||
| 2. Мәліметтер электрондық және қағаз түрінде сәйкес мәслихатқа тапсырылады. Қағаз түріндегі мәліметтер жоғарыда аталған ұйымның мөрімен куәландырылады. | |||||||||||||||||
| орын.: | |||||||||||||||||
| тел.: | |||||||||||||||||
2 қосымша
нұсқа
Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы
Л.В. Топороваға
_____________________________________________
( өтініш берушінің аты-жөні)
_____________________________________тұратын
(облыс, Астана, қ. Алматы, қ. Шымкент қ.,
___________________________________________________
аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)
_______________________________________________
(қызметтік, пәтердегі, ұялы телефон нөмірлері)
Өтініш
Мен,____________________________________________________________________________
(өтініш берушінің аты-жөні)
Қазақстан Республикасының азаматы(шасы), __________________________________________________________________________________
(саяси партия, өзге де қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)
ұсынылған
______________________________________________________жұмысына қатысуға келісімімді
( сайлау комиссиясының атауы)
беремін.
Сайлау жүйесінде жұмыс тәжірбием бар ________________________________________
( ия, ___ жыл/ жоқ)
Өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығым жоқ.
Саяси мемлекеттік қызметші лауазымым жоқ.
Парламент, мәслихат депутаты, басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі, Қазақстан Республикасы соттарының судьясы болып табылмаймын.
Өкілетті органдарға өтелмеген немесе сотталғандығымның заңда белгіленген тәртіппен алып тасталмаған, сот іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекет қабілеті шектеулі деп танылмағандығымды тексеруге сұрау жолдауына өз ЖСН-ды пайдалануға келісімімді беремін.
«____»____________20__ жыл _________________________
(өтініш берушінің қолы)
Өмірбаяндық деректері:
Туған күні «____» _______________ 19 _____ года
жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)__________________________________________________________
Ұлты* _________________________________________________________________________________
Партияға мүшелігі * _____________________________________________________________________
Білімі _______________________________________________________________________________
Мамандығы ____________________________________________________________________________
жұмыс орны немесе қызмет түрі __________________________________________________________
лауазымы ______________________________________________________________________________
жеке куәлігінің мәліметтері _______________________________________________________________
(куәліктің нөмері, кашан және кіммен берілген)
Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлікте тұратын, 18 жастан асқан жақын туыстарым жөніндегі мәліметті қоса беремін**
Ескертпе:
*Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес өзінің қай ұлтқа, қай партияға жататындығын кандидат қалауы бойынша көрсетеді.
** Сайлау учаскелерінің құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Өтінішке қосымша
Жақын туыстары жөніндегі мәлімет
__________________________________________________________________
(Өтініш берушінің аты-жөні)
р/н Жақын туыстарының тегі, аты, әкесінің ескерту
аты (болған жағдайда)
- ___________________________________________________________ әкесі
- ____________________________________________________________ анасы
- ____________________________________________________________ ұлы
- ____________________________________________________________ қызы
- ____________________________________________________________ ағасы
- ____________________________________________________________ апасы
- ____________________________________________________________ атасы
- ____________________________________________________________ әжесі
- ____________________________________________________________ немересі
- ____________________________________________________________ жұбайы(зайыбы)
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl-sko/press/news/details/1155816?lang=kk

Жауап қалдыру