ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ МЕН ҚЫТАЙЛЫҚ «FEILONG COMPANY» АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Қытай Халық Республикасының «Feilong company» компаниясының өкілдерімен ресми кездесу өткізді.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту және инвестициялық әріптестікті нығайту мәселелері талқыланды. Жиын аясында тараптар өзара түсіністік пен серіктестікті тереңдетуге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумда экономика, өнеркәсіп, сауда, ғылым мен технология, білім беру, мәдениет, туризм және кадр даярлау салаларында бірлескен жобаларды іске асыруды көздейді.
Қала әкімі Түркістанның инвестициялық әлеуетін таныстырып, өңірдің тиімді географиялық орналасуы, логистикалық мүмкіндіктері және кең ішкі нарығы бар екенін атап өтті.
Тараптар алдағы уақытта өзара тиімді әріптестікті дамытуға және бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендерін білдірді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан қаласында қытайлық инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 163,2 млрд теңгені құрайтын, 3 800 жаңа жұмыс орнын ашуға бағытталған 9 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1155177?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді