
Құрметті жерлестер!
2026 жылғы 05 ақпан сағат 9.00 де Самар ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
- Самар ауданы мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-2/VIII «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Самар ауданы мәслихатының «Самар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 10-10/VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Самар ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 22 «Самар ауданының әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңесті құру туралы» қаулысын бекіту туралы.
- Әр түрлі мәселелер:
1) «Самар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданы мәслихатының 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 20-5/VIII шешімінің күші жойылды деп тану туралы;
2) Самар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы;
3) Самар ауданы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 26-2/VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған Самар ауданының аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) Самар ауданының жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы.
Депутаттар тиісті сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Отырыс нәтижесінде ұсыныстар жасалып, тиісті қаулылар қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-samar/press/news/details/1155492?lang=kk

Жауап қалдыру