Веселоподол ауылдық округінің тұрғындарына құқық бұзушылықтың алдын алу туралы жаңа заңның нормалары түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 26 қаңтарда Веселоподол ауылдық округінің әкімі Ж.Ж. Мейрембаев ауыл тұрғындарымен құқықтық түсіндіру кездесуін өткізді.

Іс-шара барысында «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 245-VIII Заңы шеңберінде іске асырылып жатқан жаңа функциялар мен міндеттер түсіндірілді. Құқық бұзушылықтың алдын алу, жергілікті атқарушы органдардың рөлі және халықпен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті нығайтуға және халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған шаралар туралы ақпарат алды.

Мұндай кездесулерді өткізу азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sarykol-veselopodal/press/news/details/1155303?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді