Жалған ақша жасау және оны айналымға енгізу — ауыр қылмыс.
Қылмыстық топтар өз ізін жасыру үшін жалған банкноттарды үшінші тұлғалар арқылы таратуға тырысқанымен, заманауи банк жүйесі кез келген жасанды ақшаны бірден анықтайды. Нәтижесінде, тек ақшаны өткізушілер ғана емес, бұл қылмыстың басында тұрған ұйымдастырушылар да заң алдында толық жауап береді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабына сәйкес, жалған ақшаны жасау, сақтау немесе өткізу мүлкін тәркілей отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Заңды сақтаңыз — бостандығыңызды бағалаңыз!
Криптовалютаның заңсыз айналымы үшін жауапкершілік:
Қазақстанда крипто-активтермен жұмыс істеуге тек АХҚО лицензиясы бар биржаларда ғана рұқсат етілген. Лицензиясыз айырбастау нүктелері мен заңсыз майнинг — қылмыс болып саналады (ҚР ҚК 214-бабы). Криптовалютаны қылмыстық жолмен алынған табыстарды жылыстату үшін пайдалану мүлкін тәркілеуге және ұзақ мерзімге бас бос тандығынан айыруға әкеп соғады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-zaysan/press/news/details/1155597?lang=kk

Жауап қалдыру