АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы мәслихатының халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Жиынға комиссия төрағасы Рыиза Молдашева, комиссия мүшелері, салалық басқармалардың өкілдері, қала мәслихатының депутаты және қоғам белсенділері қатысты.

Күн тәртібінде Семей қаласының Водный кентінде болған қайғылы оқиғаға байланысты мәселе қаралды. Атап айтқанда, азаматшаның қайтыс болуына себеп болған жағдайдың мән-жайы талқыланды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мен денсаулық сақтау саласының өкілдері, сондай-ақ қоғам белсендісі өз түсіндірмелерін ұсынды. Депутаттар сұрақтарын қойып, пікір алмасу өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстарды қаулы жобасына енгізіп, тиісті құзырлы құқық қорғау органдарына жолдау туралы шешім қабылданды.

 

АБАЙ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1156887?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді