Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жастармен телемост өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Республикалық «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында С. Баишев атындағы Ақтөбе университетінің базасында Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті прокуратурамен бірлесіп, өңірдегі жоғары оқу орындарының студенттері мен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар арасында телемост форматында профилактикалық іс-шара ұйымдастырды.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрақты құқықтық сананы қалыптастыру, сондай-ақ жасалған әрекеттер үшін жеке жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу. Ашық диалог форматында қатысушылар заң талаптарын сақтау, жазаның бұлтартпастығы және құқыққа қарсы әрекеттердің әлеуметтік салдары мәселелерін талқылады.

Іс-шараға Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Шаймерден Тәжіқұлұлы Есенкелдиев, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары Әлібаев Талғат Айтбайұлы, прокуратура өкілдері, университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.

Жастар арасында сотталғандардың өз өмірлік тәжірибелерімен бөліскен сөздері ерекше қызығушылық тудырды. Олар заң бұзуға алып келген қателіктері туралы айтып, әрбір құқыққа қарсы шешімнің жеке тұлғаға, отбасыға және тұтас қоғамға ауыр салдар әкелетінін атап өтті. Бұл мысалдар студенттер үшін нақты ескерту болып, құқық бұзушылық мәселесіне ресми қалыптар мен шаблондардан тыс көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.

ҚАЖ департаменті мен прокуратура өкілдері мұндай өзара іс-қимыл форматының алдын алу жұмыстарының тиімді құралы екенін, жастардың заң бұзушылыққа деген төзбеушілік көзқарасын қалыптастыруға және қоғамда заңға бағыну мәдениетін нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Ұйымдастырушылар аталған форматтағы іс-шаралар тұрақты түрде өткізілетінін, себебі құқық бұзушылықтың алдын алу және жастармен жұмыс жүргізу құқық қорғау органдары қызметінің басым бағыттарының бірі екенін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1155984?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді