
Дүниежүзілік сайлау күніне орай Ұлан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы аудан тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру акциясын ұйымдастырды. Іс-шара барысында сайлау тақырыбындағы ақпараттық флаерлер таратылды.
Флаерлерді тарату кезінде азаматтардың негізгі сайлау құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бұл халықтың сайлауға қатысудың маңыздылығы жөніндегі хабардарлығын арттыруға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan/press/news/details/1156263?lang=kk

Жауап қалдыру