«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының қатысушыларымен кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары Нұр-Сәуле Байбулатова мен Мәдина Мұзапарова, қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі Жадыра Мәкенова «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының қатысушыларымен кездесу өткізді.

⠀Басты назарда – Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы және негізгі реформалар.

⠀Жаңартылған Негізгі заңның жобасы шын мәнінде бүкілхалықтық талқылаудың нәтижесі екені атап өтілді.

⠀Оны әзірлеуге сарапшылар мен саясаткерлер ғана емес, мыңдаған мүдделі азаматтар да атсалысты. Ұсыныстар e-Otinish және eGov порталдары арқылы келіп түсті.

⠀Қоғамдық ұйымдар мен қарапайым тұрғындардың пікірлері назарға алынды.

Әрбір түзету – қоғамның нақты сұраныстарына берілген жауап болып табылады.

⠀Кездесуге қатысушылар жаңа Конституцияның бұрынғы нұсқадан түбегейлі айырмашылықтарын талқылады.

⠀Павлодарлық аға буын пікірталасқа белсене араласты.

Өйткені, сабақтастық пен дәстүрге құрмет көрсете отырып, Әділетті Қазақстанды құруға олардың тәжірибесі мен даналығы көмектеседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-pvl/press/news/details/1156460?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді