БІРІНШІ ЛИГА: ХРОМТАУ – ELIM -AI 8:8

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Хромтау қаласында футзалдан Қазақстан Республикасының Бірінші лига чемпионатының 8, 9 және 10 тур ойындары өтуде. Турнир жаңадан пайдалануға берілген №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ұйымдастырылып отыр.

Жарыстың екінші күні жерлестеріміздің «Хромтау» футзал клубы Көкшетаудың «Elim-Ai» командасымен кездесіп, 8:8 есебімен тең ойнады. Ойын өте тартысты және қызықты өтті. Екі команда да жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Жанкүйерлер Хромтау командасына шынайы қолдау көрсетті.

Матчқа Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрман да келіп, ойын барысын жеке бақылап, ойыншылардың өнерін бағалады.

Чемпионатқа барлығы 8 команда қатысуда: «Хромтау», «Мақат» (Атырау облысы), «Elim-Ai» (Көкшетау), «Қызылорда», «Kairat Futsal U-21» (Алматы), «EL ORDA» (Астана), «Бәйтерек М» (Орал) және «Тараз-Омега» (Тараз).

Барша жерлестерімізді «Хромтау» футзал клубын қолдауға және тартысты ойындарды тамашалауға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1156897?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді