5 ақпан күні ағымдағы жылы Біржан сал ауданы прокуратурасының бастамасымен Макинка ауылының орта мектебінің акт залында жергілікті тұрғындармен кездесу өтті. Кездесу барысында Конституциялық реформаның негізгі мақсаттары мен жаңалықтары жеткізілді.
Іс-шараға аудан прокуроры, қоғамдық кеңестің төрағасы және аудан әкімінің орынбасары қатысты.
Аудан прокуроры Ануар Қулушев өз сөзінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасында көрсетілген негізгі жаңалықтарды атап өтті. Оған «Заң мен тәртіп» ұғымын бекіту, бір палаталы Құрылтай, Халық кеңесін құру және басқа да бастамалар кіреді.
Елімізде болып жатқан тарихи оқиғаларды ескере отырып, қатысушыларға Конституциялық Сотқа өз ұсыныстарын e-Otinish және eGov порталдары арқылы жолдауға белсенді болу ұсынылды.
Содан кейін жергілікті қадағалау органы басшысы сайлау алдындағы дайындықты тексеру үшін аумақтық сайлау учаскелерін аралады.
Сайлау комиссиясы мүшелеріне қолданыстағы сайлау заңнамасын қатаң сақтауға ұсыныс берілді.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1156362?lang=kk

Жауап қалдыру