«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау: өрт қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық және электр қауіпсіздігі»

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ағымдағы жылдың 6 ақпанында Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар бірлестігінің «ШҚО кәсіподақтар орталығы» ұйымдастыруымен «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау: өрт қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық және электр қауіпсіздігі» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
​Оқыту семинары бюджеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор өкілдерінің қатысуымен өтті. Спикерлер ретінде мемлекеттік органдардың өкілдері баяндама жасады. Шығыс Қазақстан облысының Санитариялық-эпидемиологиялық департаменті атынан Департамент бөлімінің басшысы Тоқтамұратова Назерке Асылбекқызы баяндама жасады.
​Семинар гибридті форматта (Zoom-конференцияарқылы онлайн және офлайн) өткізілді. Семинар барысында спикер барлық қойылған сұрақтарға толықтай жауап берді.с

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1156657?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді