ГАЗБЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР МЕН ЖОСПАРЛАР ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сауран ауданында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамының 2025 жылы атқарған жұмыстары және 2026 жылға арналған жоспарлары бойынша мәжіліс өтті. Жиында аудан аумағын көгілдір отынмен қамту барысы және алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер талқыланды.
Мәжіліске “QAZAQGAZ AIMAQ” АҚ-нын, Түркістан өндірістік филиалының директор орынбасары Ақиқат Абдуллаев, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Түркістан өндірістік филиалына қарасты Сауран газ шаруашылығының директоры Сейтмұхаммед Қошқарбаев және аудан тұрғындары қатысты. Күн тәртібіне екі мәселе енгізілді.
Мәжілісті ашқан аудан әкімі газбен қамту жұмыстары тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруда маңызды екенін атап өтті. Аудан басшысы газ инфрақұрылымын дамыту, желілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін айтты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысы Асылбек Қанағат баяндама жасады. Ол Сауран ауданын газбен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, жүзеге асырылып жатқан жобалар және алдағы кезеңге жоспарланған шаралар туралы ақпарат ұсынды.
Екінші мәселе бойынша «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы Сауран газ шаруашылығының директоры Сейтмұхаммед Қошқарбаев баяндама жасап, 2025 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижелерін және 2026 жылға арналған жоспарларды таныстырды. Баяндамашы газ желілерін жаңғырту, техникалық қызмет көрсету және қауіпсіздік талаптарын сақтау бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Мәжіліс барысында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров көтерілген сын-ескертпелер мен ұсыныстарды хаттамаға енгізуді тапсырды. Сонымен қатар анықталған кемшіліктер бойынша тиісті бөлім басшыларына жедел шешім қабылдап, белгіленген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету міндеттелді.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1156837?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді