«Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді басқару» тақырып бойынша коучинг-тренингі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы  Қаржы Министрлігі  Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің базасында МКД басқармалары, бөлім  басшылары, МКБ басшылары мен орынбасарлары,  кеден бекеттерінің басшылары үшін «Мемлекеттік кірістер органдарындағы тиімді басқару» бағдарламасы бойынша коучинг-тренинг өткізді.

Коучинг-тренинг аясында қатысушылар жоспарлау, ұйымдастыру және бақылаудың негізгі тәсілдерімен танысты, командаға шабыт беріп, ынталандырып, басшылық етудің, сондай-ақ коммуникацияны дұрыс бағытта пайдаланудың жолдарын үйренді.

Қатысушылар мемлекеттік басқарудағы коучингтің негіздеріне терең үңіліп, басқарудың негізгі модельдерін талдады, тиімді коммуникация дағдыларын тәжірибе жүзінде жетілдірді.

Коучинг-тренинг қатысушылары коучинг қағидаттарына негізделген

«5 жылдан кейінгі МКД-ның көрінісі» тақырыбындағы жобаны сәтті қорғады.

 Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар сауалнамаға қатысып, «Мемлекеттік кірістер органдарында тиімді менеджмент» бағдарламасы бойынша біліктілікті сәтті арттырғаны жөнінде сертификаттар алды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1156882?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді