Нипах вирусы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Нипах вирусы — жануарлардан (жарқанаттар, шошқалар) адамға жұғатын, сондай-ақ жұқтырылған тағам өнімдері арқылы және науқас адаммен тығыз қарым-қатынас кезінде берілетін қауіпті зооноздық инфекция. Бұл вирусқа қарсы вакцина мен арнайы емдеу әдісі жоқ, сондықтан жұқтыру қаупін төмендетудің негізгі жолы — алдын алу шаралары.

Инфекцияның берілу жолдары: жарқанаттардан — сілекей, несеп, ластанған жемістер мен сусындар арқылы; аралық жануарлар арқылы (мысалы, шошқалар); адамнан адамға — негізінен жұқтырған адаммен тығыз байланыс кезінде.

Аурудың негізгі белгілері: дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы, жалпы әлсіздік, кейіннен — сананың шатасуы, құрысулар, энцефалиттің дамуы, кома, ауыр пневмония.

Қазіргі таңда Нипах вирусына қарсы арнайы емдеу әдісі мен мақұлданған вакцина жоқ.
Медициналық көмек симптоматикалық сипатта көрсетіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-zhelezinka/press/news/details/1156004?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді