Қаратау ауданында ұлттық спорт түрлері бойынша ашық есік күні өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Атшабар» аумағында орналасқан Шымкент қаласының Ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубында ашық есік күні өтті.

Іс-шара барысында балалар ұлттық спорт түрлерімен танысып, олардың қыр-сыры туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, үйірмелер жұмысына қатысып, спорттық ойындарды тәжірибе жүзінде байқап көрді. Жылқыға мініп, ат спортының ерекшеліктерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Кездесу барысында қатысушылар клуб жанынан жұмыс істейтін тегін үйірмелерге қызығушылық танытып, бос уақыттарын тиімді өткізуге ниет білдірді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани дамуына ықпал ету, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу және жастардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру болып табылады.

https://www.instagram.com/reel/DUYCppbAlWC/?igsh=MXFncWY1aHlqMTduMA==

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-karatau/press/news/details/1156912?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді