
Сауран ауданында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгерістер туралы мәжіліс өтті. Жиын барысында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары қаралып, ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды. 
Мәжілісті аудан әкімі ашып, күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігіне тоқталды. Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңы жобасын жариялағанын атап өтіп, құжаттың азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды талдау нәтижесінде әзірленгенін айтты. Аудан әкімінің сөзінде реформалардың ашық қоғамдық талқылаулар арқылы пысықталғаны, жаңа нормалар мен ережелердің жан-жақты қарастырылғаны көрсетілді.
Жиында алғашқы баяндаманы аудандық мәслихат төрағасы Сержан Ермекбайұлы жасады. Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мазмұны мен мақсаттарын түсіндіріп, реформалардың мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі рөлін атап өтті. Келесі сөз «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбековке
берілді. Ол ұсынылып отырған өзгерістердің қоғамдағы сұранысқа сай қалыптасқанын айтып, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға бағытталған тетіктердің маңызын жеткізді. 
Мәжіліс барысында қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, Конституцияға енгізілетін өзгерістердің аудан деңгейінде түсіндірілуі және талқылануы бойынша бірқатар ойлар ортаға салынды. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі көтерілген мәселелердің маңызын атап өтіп, конституциялық реформаларды түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасатынын айтты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1156829?lang=kk

Жауап қалдыру