Қосшы қаласының прокуратурасы жаңа Конституция жобасы мен жүйелі реформаларды талқылау бойынша сараптамалық кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қосшы қаласында Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы мен жүйелі реформалардың негізгі бағыттарын талқылауға арналған сараптамалық кездесу өтті. Іс-шара Қосшы қаласының прокуратурасы мен қала әкімдігінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесіп өткізілді.

Кездесу барысында қатысушылар Конституция жобасының негізгі ережелеріне талдау жасап, әділетті, құқықтық және адамға бағдарланған мемлекет моделіне көшу мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар қоғамдық диалогты дамыту, азаматтық қоғамның рөлін күшейту және халықтың шешім қабылдау үдерістеріне қатысуын арттыру мәселелері қарастырылды.

Талқылауға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских, Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова, Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры Ермек Абдирасулов, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Луиза Узарова, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қорытынды-талдамалық секторының жетекшісі, саясаттану ғылымдарының кандидаты Дастан Кошербаев қатысты.

Сарапшылар ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің елдің орнықты дамуы мен демократиялық институттарды нығайту үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1156335?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді