Түркістан облысында полицейлер оқушыларға “Қауіпсіз балалық шақ” концепциясын түсіндірді 

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Полицейлер  жоғары сынып оқушыларымен “Қауіпсіз балалық шақ” концепциясы аясында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шарада жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және заң талаптарын сақтау жөнінде кеңінен ақпарат берілді.

Іс-шараға Шардара ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Қасымхан Сатыбалдиев пен қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы Құрманалы Абитаев, сондай-ақ мектептің әкімшілік құрамы қатысты. Шара барысында полиция полковнигі Қасымхан Сатыбалдиев оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттері жайлы кеңінен түсіндіріп, қауіпсіздік пен заң талаптарын сақтау жөнінде маңызды ақпарат берді.

Сонымен қатар кез-келген қауіп төнгенде немесе құқықтары бұзылғанда үнсіз қалмай, полиция қызметінің көмегіне жүгіну қажеттігін ескертті. Өз кезегінде полиция Құрманалы Абитаев  оқушылар қауіпсіздігі – әр баланың басты құқығы екенін айтып, балаларды заңды сақтап, тәртіпті болуға және бір-біріне құрметпен қарауға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1156689?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді