ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ АЛДАҒЫ ЖЫЛҒА ЖОСПАРЛАР

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Брифинг спикері: Хромтау ауданы Полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, полиция майоры Б.А. Джумашев

Қазақстан Республикасы заңнамаларын, ІІМ және ПД нұсқауларын басшылыққа ала отырып, аудандағы криминогендік ахуалды жақсарту, қылмыстың алдын алу, жасалған қылмыстарды ашу, азаматтардың бостандықтары мен конституциялық құқықтарын сақтау бағытында, сондай-ақ «Құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында, нақты айтқанда полицияның сервистік моделін жүзеге асыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда.

 Жалпы аудан орталығындағы криминогендік жағдай тұрақты.

 Хромтау ауданы полиция бөлімінің статистикалық деректеріне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықтардың тіркелуі 18,1%-ға артып, 188-ден 222-ге дейін өскені байқалады. Үлес салмағы – 4,0%, ал 10 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 47,6-ны құрайды (2024 жылы – 57,6).

 Тіркелген құқық бұзушылықтардың өсуіне қарамастан, қылмыстардың ашылу деңгейі өткен жылдың 12 айының қорытындысымен салыстырғанда 37,4%-дан 47,4%-ға дейін артты (облыс бойынша – 58,4%).

 2025 жылдың қорытындысы бойынша өткізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде Хромтау ауданы аумағында аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде кісі өлтіру және қарақшылық санатындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ.

 Тіркелген 222 қылмыстық құқық бұзушылықтың басым бөлігі алаяқтық фактілері – 85. Оның ішінде 21 іс өндірісте аяқталып, 19 іс сотқа жолданды. ҚР ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 12-тармағына сәйкес 12 іс қысқартылып, 65 іс тоқтатылды.

 2025 жылдың 12 айында алаяқтық қылмыстардың жалпы ашылу көрсеткіші 4,8%-дан 24,4%-ға дейін өсті.

 Тіркелген 85 алаяқтықтың 62-сі интернет-алаяқтық фактілері (2024 жылы – 51). Аталған санат бойынша ашылу көрсеткіші 6,3%-ды құрады (2024 жылы – 0%).

 Аталған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында халық көп шоғырланатын орындарда (мектептерде, мекемелерде: ДГОК, АМК, «Восход-Ориел», сауда орындарында) түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылуда.

 Сонымен қатар Хромтау қаласының орталық көшелерінде орнатылған 3 LED экран арқылы алаяқтықтың алдын алу бойынша әртүрлі бейнероликтер көрсетілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1156902?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді